Азия ойындарына қатысушылардың алғашқы легі елге оралды

Азия ойындарына қатысушылардың алғашқы легі елге оралды
Азиада 2023

Туризм және спорт министрлігі

Алматы халықаралық әуежайына  Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарына қатысқан 50-ден астам спортшы ұшып келді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Олардың арасында Азия ойындарында бессайыстан алғаш рет Олимпиада лицензиясын жеңіп алған Елена Потапенко мен Георгий Борода-Дудочкин бар.

Әзірге спорт сайысының төрт күндік нәтижесі бойынша еліміздің спортшылары 2 күміс, 7 қола жүлде алды.

Айта кетейік, Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.