Шахматтан 5-раундтың ойындары аяқталды
Азиада 2023
Шахмат
Фото: Дмитрий Икунин
Шахматтан жеке сында Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік өзара тең тарқасты.
Әзірше Бибісара Асаубаева 3 жеңіс, 1 тең нәтижемен 3-орында, Жансая Әбдімәлік 3 жеңіспен 5-орында тұр.
Ал ерлер бәсекесінде Ринат Жұмабаев Моңғолия шахматшысы Ган-Ердене Сугармен, Қазыбек Нөгербек Иран өкілі Сейедмохаммадамадамин Табатабаеймен тең түсті.