Гандболдан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстаннан басым түсті
olympic.kz
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында гандболдан Қазақстан ерлер құрамасы Өзбекстаннан басым түсті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Еліміздің ерлер құрамасы С тобында сынға түседі. Қарсыластары - Бахрейн мен Өзбекстан. Алғашқы кездесуінде қазақстандық спортшылар Бахрейннен 22:45 есебімен жеңілді. Бүгін ел құрамасы Өзбекстаннан 31:27 есебімен басым түсті.
Енді олар плей-офф сатысында бақ сынауға мүмкіндік алды.
Ал еліміздің әйелдер құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Таиланд және Өзбекстан.
Алғашқы ойынында олар Таиландты 44:20 есебімен бтізе бүктірді. Енді қазақстандық гандболшылар 27 қыркүйекте Өзбекстан, 30 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.
Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрамалар жарыстың келесі сатысына шығып, жүлделерді сарапқа салуға мүмкіндік алды.