Германия бас бапкері туралы ресми хабарлады

Германия бас бапкері туралы ресми хабарлады
Футбол

Спорт-Экспресс

Юлиан Нагельсман Германия құрамасының жаңа бас бапкері болды. Бұл туралы Германия футбол одағына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

36 жастағы неміс маманымен келісімшарт 2024 жылдың 31 шілдесіне дейін жасалған. Бұған дейін НФС бақылау кеңесі мен акционерлер Нагельсманның кандидатурасын бірауыздан қолдаған болатын.

Нагельсман «Бавария», «Лейпциг» және «Хоффенхайм» клубтарында бас бапкер қызметін атқарған.

Бундестимнің бұған дейінгі жаттықтырушысы Ханс-Дитер Флик болған. Ол жолдастық кездесуде Жапониядан жеңілгеннен кейін (1:4) отставкаға кетті.