Ресей Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке 1,2 млн доллар қарыз
Басқа
Reuters
Ресей 2023 жылға Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке (WADA) міндетті жарнаны әлі төлемеген. Бұл туралы «Матчқа» сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.
Дереккөздің хабарлауынша, 8 қыркүйекте жарияланған агенттік құжатында Ресей 1,267 миллион доллар төлеуі қажет екені көрсетілген. Осыған ұқсас соманы Франция, Германия, Италия және Ұлыбритания төлеген.
АҚШ (шамамен 3,5 миллион), Канада (1,7 миллионнан астам) және Жапония (1,5 миллион доллардан астам) тиісті қаражатты аударып қойған.