Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақ балуаны әлем чемпионатының финалына шықты
Күрес

Бүгін Ризабек Айтмұхан Сербия астанасында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz. 

 Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда осы салмақтағы (92 келі) көшбасшының бірі грузиялық Мириани Майсураздені жеңді. Есеп: 8-1. 

Бүгін 19 жастағы қазақ палуаны доданы екінші айналымнан бастады. Әуелі мажарстандық Балаш Юхашты, сосын түркиялық Фейзулла Ақтүрікті таза ұтты. Енді Ұлттық құрама спортшысы ертең кешке əзірбайжандық Осман Нурмагомедовпен алтын медальді сарапқа салады.

 

 Ширек және жартылай финалдағы қарсыласым мықты болды. Қазір олар әлем рейтингінде менен жоғары тұр. Фейзулла Ақтүріктен осыған дейін 2 рет жеңілгенмін. Бүгін сәтін салып, есе қайтардым. Осы жекпе-жектен кейін бойымда сенімділік пайда болды. Грузиялық палуанды барынша шаршатуға тырысып, дегеніме жеттім. Ертең финалда барымды салып, елімізге алтын медаль алып қайтуға барымды саламын, - деді Ризабек Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында. 

 Ризабек Айтмұхан – биыл еліміздің ғана емес, әлемдік күрес мамандарының жоғары бағасын алған бозкілем шебері. Ол жылдың басында Алматыда өткен күрестен ҚР-ның VI жазғы Спартакиадасында чемпион атанды. Осыдан кейін көктемде Астанада өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Амман қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 2-орын алды.

Айта кетейік, еркін күрестен егемендік жылдары қазақстандық палуандар әлем чемпионатында 16 жүлдеге қол жеткізген. Оның бесеуі күміс, қалғаны қола. Ризабекке дейін дүниежүзі додасының финалында Нұрқожа Қайпанов күрескен (70 келі, 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы). 

Еске салып өтейік, 92 келі дейінгі салмақ Олимпиада бағдарламасына кірмейді. Көктемде Астанада өткен Азия чемпионатында Сосын, Азамат Дәулетбеков ирандық Əлиреза Карими Маханидің осал тұсын тауып, 2 дүркін Азия чемпионы атанды. Отандасымыздың бүгінгі қарсыласы Əлиреза әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2 дүркін Азия чемпионы деген атағы бар. Жалпы Азамат финалға дейін қатты қиналған жоқ. Өзбекстандық Бобур Исломов пен Сингапурдан келген Вэн Луенді атой салып ұтты. Былтырғы және биылғы алтыннан бөлек, Азаматтың қоржынында құрлық додасының тағы 1 күміс, 1 қола медалі бар.