Түркістандық жас балуан Азия чемпионатында қолаға қол жеткізді

Түркістандық жас балуан Азия чемпионатында қолаға қол жеткізді
Күрес

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сайрамдық балуан Тайландта өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлде иеленді, деп хабарлайды BasSport.kz.

Сирача қаласында жалауын желбіреткен еркін күрес шеберлерінің U15 жасөспірімдер арасындағы сайысында белдескен Нұрислам Айтуған аудандық білім бөліміне қарасты №93 Абылай хан атындағы жалпы білім беретін мектептің 10 «Ә» сыныбында оқиды. 

Дүбірлі додада 85 келі салмақта сынға түскен сайрамдық балуан бірінші кезеңде Қырғызстан спортшысымен күш сынасып, жеңіске жетті. турнирдің екінші кезеңінде жапониялық балуанмен, ал үшінші кезеңде үндістандық спортшымен белдесіп, қола жүлдені қанжығасына байлады. Осылайша тартысқа толы ойын барысында өзінің жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетіп, табандылық пен ептілік танытты.

Жарыс жолында жас балуан қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді.