Түркістандық балуандар «Дала қырандары» республикалық турнирінде үздік шықты

Түркістандық балуандар «Дала қырандары» республикалық турнирінде үздік шықты
Күрес

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Астана қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «Дала қырандары» республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Айтулы күрес бәсекесіне еліміздің түпкір-түпкірінен іріктелген кіл мықтылар қатысып, өзара жеңімпазды анықтады. Түркістан облысының балуандары 5 алтын, 8 күміс және 14 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық 1-орынды иеленіп, өңір мерейін асқақтатып қайтты.

Айта кетейік, республикалық додаға облыстан жалпы 36 спортшы қатысып, 25-і жүлдемен оралды. Сондай-ақ қазақ күресінің қыр-сырын жақсы меңгерген жерлесіміз Ернұр Амирбек 65 келіде топ жарып, турнирдік үздігі атанды. Оны ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаевтың өзі марапаттап, жетістіктер тіледі. Осылайша, Айдос Сералиев шәкірттері республикада көш басында екенін дәлелдеп, туған жерге оралды.