Қазақстан велосипед спорты федерациясына жаңа президент тағайындалды

Қазақстан велосипед спорты федерациясына жаңа президент тағайындалды
Велоспорт

instagram.com/kcfkz

Қазақстан велосипед спорты федерациясының жарғысына сәйкес 2019 жылдың қазан айынан бастап президент лауазымын атқарып келген Нұрлан Смағұловтың төрт жылдық мерзімін аяқталды. Бұл туралы Kazakhstan Cycling Federation парақшасына сілтеме жасай отырып BasSport.kz хабарлайды.

Нұрлан Смағұлов өкілеттілігін созу туралы ұсыныс білдірген жоқ.

Федерацияның кеңейтілген отырысы кезінде Райымбек Баталов федерацияның жаңа президенті болып сайланды.