Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Велоспорт

Спортты дамыту дирекциясы

Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында велотректен ересектер арасында 43-ші, жасөспірімдер арасындағы 30-шы, пара спортшылар арасындағы 12-ші Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, із кесу жарысында Қазақстан ерлер құрамасы (Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Рамис Дінмұхаметов) командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді. Олардың уақыт көрсеткіші – 4:03.129 секунд. Алтын медаль Жапония құрамасының еншісінде болса, күміс Қытай еліне бұйырды.

Сондай-ақ спринтте (Кирилл Курдиди, Дмитрий Резанов, Сергей Пономарев) Қазақстан атлеттері 5-сатыға жайғасты.

Сары құрлық додасына биыл 23 елдің үздіктері жиналды. Еліміздің намысын 9 спортшы қорғап жатыр.

Азия біріншілігі 26 ақпанға дейін жалғасады.