«Астана» «Тиррено-Адриатико» жарысына қатысатын құрамын жариялады

«Астана» «Тиррено-Адриатико» жарысына қатысатын құрамын жариялады
Велоспорт

Astana-Qazaqstan.com

«Astana Qazaqstan Team» командасы Италияның «Тиррено-Адриатико» көпкүндігіне қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Бұл аламан 4-10 наурыз аралығында өтеді.

Құрама мүшелері: Марк Кавендиш, Кейс Бол, Микаэль Мёркёв, Джанмарко Гарофоли, Евгений Федоров, Лоренцо Фортунато, Симоне Веласко.

Жарыстың спорттық директоры: Бруно Ченьялта, Марк Реншоу.