Месси АҚШ-та зәулім сарай сатып алды

Месси АҚШ-та зәулім сарай сатып алды
Футбол

"Интер Майами" клубының баспасөз қызметі

Америкалық "Интер Майами" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси АҚШ-та зәулім сарай сатып алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Оңтүстік Флорида жағалауындағы Форт-Лодердейл қаласында орналасқан сарайдан мұхит көрініп тұрады. Мессидің жаңа үйі Майамиден 45 шақырым жерде орналасқан. Ал оның ауданы – 976 шаршы метр. Онда сегіз жатын бөлме, бассейн, жаттығу залы, спа-орталық бар. Құны 10 миллион еуро тұрады екен.

Месси бұл үйді әдейі сатып алған, себебі ол стадионға жақын орналасқан.