Қазақстандық палуандар грек-рим күресінен әлем чемпионатында 1 алтын мен 2 қола медаль алды

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ал еліміздің жастар құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте 1-ші орынды иеленді.
Ересектер арасында:
1 орын – Асан Нұржан (82 кг);
3 орын – Орманов Абылайхан (63 кг);
3 орын – Шонку Хайратхаан (130 кг).
Жастар арасында:
1 орын - Самарин Андрей (67 кг);
1 орын - Әбдрәсіл Рамазан (97 кг);
2 орын - Бабашов Сұлтан (63 кг);
2 орын - Прогудин Денис (72 кг);
3 орын - Мырзаев Азамат (77 кг);
3 орын - Тілеумбет Мухаметали (82 кг).
Естеріңізге сала кетейік, чемпионаттың алғашқы күндерінде кадеттер арасында жарыс өтті, оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен командалық есепте 1-ші орынды иеленген болатын.
Есту зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты 2-6 қыркүйек аралығында Қырғызстан астанасы Бішкекте өтті. Турнирге 16 елден 300-ден астам спортшы қатысты. 7-11 қыркүйек аралығында спортшылар еркін күрес бойынша жүлдеге таласады.