Қазақстандық екі боксшы алғашқы 15-тіктің қатарынан шығып қалды

Қазақстандық екі боксшы алғашқы 15-тіктің қатарынан шығып қалды
Бокс

Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) жаңартылған рейтинг ұсынды, екі қазақстандық боксшы үздік 15-тіктің қатарынан шығып қалды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий 15-тіктегі орнынан айырылып қалған. Бұған дейін ол 14-орында тұрған еді. Сонымен қатар Серік Мұсәділов те орнынан түскен.

Жаңартылған рейтинг жарық көргенге дейін ол 15-орынта тұрған еді. Ал екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зауырбек жетінші сатыдан алтыншы сатыға жоғарылады.

Екінші аса жеңіл салмақта Евгений Павлов үздік үштікке жақындады – бесінші орыннан 4-орынға көтерілді.