Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандықтар 5 медаль жеңіп алды

Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандықтар 5 медаль жеңіп алды
Басқа
Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық жастар 5 медальды жеңіп алды. «Грекиядан керемет жаңалық келді! 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы рапидтен әлем чемпионы атанған ФИДЕ шебері Қазбек Нөгербек бұл жолы Қазақстан қоржынына блиц шахматтан алтын медаль салды. Блицтен 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында 17 жастағы шахматшы, әйелдер арасындағы халықаралық шебер Назерке Нұрғали алтыннан алқа тақты. 14 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыста күміс жүлде кеше рапидтен қола жүлдегер атанған Даниял Сәпеновке бұйырды»,- делінген Қазақстан Шахмат федерациясының хабарламасында. «Кадеттер арасындағы жылдам және өте жылдам шахматтан әлем біріншілігінде қазақстандықтар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Біздің чемпиондарымызды, олардың жаттықтырушыларын, ата – аналарын және олардың табысты өнер көрсетуіне ықпал еткендерді құттықтаймын!» - деді қазақстандық шахмат федерациясының Атқарушы директоры Ануар Исмағамбетов.