Нора Джеруто допинг қолданғаны үшін тағылған айыптан толықтай ақталды

Нора Джеруто допинг қолданғаны үшін тағылған айыптан толықтай ақталды
Жеңіл атлетика

Халықаралық арбитраждық соттың (CAS) шешімімен 2022 жылғы 3000 метрге кедергілермен жүгіруден әлем чемпионы атанған қазақстандық спортшы Нора Джеруто допинг қолданғаны үшін тағылған айыптан толықтай ақталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

2024 жылғы 25 маусымда CAS келесідей шешім қабылдады: WorldAthletics-тің 2023 жылғы 24 қарашадағы World Athletics Тәртіптік трибуналының спортшы Нора Джерутоның допинг қолданғаны туралы болжамды іс бойынша 2023 жылғы 27 қазандағы шешіміне қарсы шағымын қанағаттандырусыз қалдыру.

Еске салайық, 2022 жылдың шілдесінде Athletics Integrity Unit (AIU) қазақстандық спортшы Нора Джерутоға қатысты допинг қолданды деген күдікпен тергеу басталғанын хабарлаған болатын. Айыптау AIU сарапшыларының теориялық ойдан шығарған сөздеріне негізделген.

Айта кетейік, айыптаулар оның АҚШ-тағы әлем чемпионатындағы салтанатты жеңісінен кейін бір аптадан кейін тағылған болатын.

Ешқашан допинг сынамасынан құламаған және сынаманы өткізбей тапсырған спортшы бірден аппеляциялық шағым түсіріп, допингке қатысы жоқтығын растайтын толық түсініктеме берді.

Қолданбау дәлелі Гарвардтың гастроэнтерология профессоры доктор Джон Сальцман мен Нэшвиллдегі Вандербилт университетінің гематология профессоры Стивен Брандттың сарапшы куәліктерімен расталды.

Бір жылдан астам процестен кейін World Athletics Тәртіптік трибуналы 2023 жылдың 27 қазанында келесі шешімді шығарып, спортшыны ақтап шығарды:

жазаларды алып тастау;

спортшыға дисквалификация мерзімін қолданбауға және оның спорттық нәтижелерін жоймауға;

уақытша шеттетуді болдырмау және бұның дереу күшіне енуі.

«Бұл іске әлемдік дәрігерлердің тартылуы және түпкілікті жеңіске жету Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясының президенті Даниал Ахметовтың ісіне жан-жақты қатысуының арқасында мүмкін болғанын шын айтуымыз керек. Бұл жеңіс, ең алдымен, қазақстандық спорт пен Федерацияның кәсіби шеберлігінің жеңісі. Осылайша, Федерация халықаралық ұйымдардың өзіне тағылған айыптарға қарамастан, өзінің заңды құқықтарын барлық халықаралық органдарда өркениетті және заңды түрде қорғай алды, спортшыны қорғай алды, барлық атақтарын сақтап қалды, спортшының биопаспортының көрсеткіштерін ғылыми түрде дәлелдеді. Нәтижесінде тарихта бұрын-соңды болмаған жеңіске жетті. Осыған дейін CAS-те биопаспортпен ешкім жеңіске жетпеген. Бұған бірінші болып Қазақстан Федерациясы қол жеткізді. Нора Джерутоға Париждегі ойындарда сәттілік тілейміз, спортшының Олимпиадаға қандай қиын және стресстік жағдайда дайындалып жатқанын елестету мүмкін емес», - дейді Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының атқарушы директоры Павел Кукин.


«Мен, ең алдымен, федерация президенті Даниал Ахметовке қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Спорттағы алғашқы күннен бастап ешқашан допинг қабылдаған емеспін, таза спортшымын. Мен әділдіктің жеңгеніне өте қуаныштымын », - деді Нора Джеруто. «Біз Олимпиадаға дайындықты жалғастырудамыз және Джерутоның кәсіби шеберлігі мен оның лайықты өнер көрсететініне сенімдіміз. Әрине, ұлттық құраманың бас бапкері ретінде мен Нора Джерутаның орны толмас еді деп айтқым келеді. Федерация кеңсесінің халықаралық серіктестермен, оның президенті Даниал Кенжетайұлымен және халықаралық мәселелер жөніндегі комиссия мүшесі Асхат Сейсембекпен қарым-қатынастардағы жақсы үйлестірілген жұмысын атап өтуге болады» - дейді ұлттық құраманың бас бапкері