Зайнутдинов “Бешикташ” жанкүйерлерін тамсандырды

Зайнутдинов “Бешикташ” жанкүйерлерін тамсандырды
Футбол

Түркиялық "Бешикташтың" матчтары мен жаңалықтарын жариялайтын "FURKAN JK" Твиттер-аккаунты Ыстамбұл клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінде киевтік "Динамомен" өзара матчтағы өнерінен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Автордың пікірінше, Қазақстан құрамасының футболшысы "Бешикташтың" шабуылында ойнауы керек. 

Бахтиер Зайнутдинов - таза талант, бұл жігіт сол жақ қорғаушы мен орталық қорғаушы шебінде ойнамауы керек. Шенол бұл шабуылшымен керемет нәтижелерге қол жеткізеді. Бұл маусымның ең күтпеген трансфері болады, - делінген хабарламада.