Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды

Жыл басынан бері қазақстандық спортшылар 586 медаль жеңіп алды
Басқа

Қазақстандық спортшылар жыл басынан бері ресми халықаралық жарыстарда 586 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жазды. 

2023 жылдың басынан бері отандастарымыз халықаралық додаларда 586 медаль жеңіп алды. Оның ішінде олимпиадалық спорт түрлері бойынша ел қоржынына 373 жүлде түскен. Атап айтсақ, спортшыларымыз 121 алтын, 111 күміс және 141 қола медаль еншілеген. 

Ал олимпиадалық емес спорт түрлерінен қоржынымыз 118 (53 алтын, 38 күміс, 27 қола) жүлдемен толықты. Тағы 95 жүлдені параспортышлар жеңіп алды. Олар Қазақстан қоржынын 33 алтын, 33 күміс және 27 қола медальмен толықтырды.