Абай күніне орай Семейде ультрамарафон өтеді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып белгіленген. Ұлы ақын шығармашылығын, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау үшін 2023 жылдың 9 тамыз күні Семей мен Жидебайдың арасында 160 шақырымдық ультрамарафон өтеді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Жарысты Абай облысы әкімдігі және “El Sport” республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып жатыр. Елімізде спорттық зерттеулерді дамыту және бұқаралық спортты жандандыру - аса өзекті мәселелер. Сондықтан болашақта дәстүрлі түрде жалғасатын жарыс – қазақтың ұлы ақыны Абайдың құрметіне “Abay joly 100 miles” ультрамарафоны өтеді. Жарысты ұйымдастыру Абай облысы спорт және дене шынықтыру басқармасы,оның жетекшісі PhD доктор Ержан Әнуарбекұлы және “El Sport” республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы социология ғылымдарының кандидаты Рамазан Саттарұлының тарапынан болып жатыр. Қазақстанда бұрын жаяу жүгіруден 100 миль немесе 160 шақырымдық қашықтыққа жарыс өтпеген. Жарысқа жиырмадан астам желаяқ қатысады, олар Астана, Қостанай, Павлодар, Зайсан, Петропавл қалаларынан келді. Семей қаласы мен Абай облысының өкілдері де бар. Бірнеше спортшы Қытай мен Ресейден келген. Олар бәрі тәжірбиелі желаяқтар, әр қайсысы өз жасы санатында чемпион атанған. Ультрамарафонның екінші дистанциясы Семейден Бөріліге дейін 50 миль, яғни 80 шақырымдық қашықтықты қамтиды, оған қатысушылардың көбі ультрамарафонға енді машықтанып жүргендер. Дистанция бойынша әрбір 10 шақырым сайын тамақтану пункті болады, Абай облысының дәрігерлер мен жол полициясының қызметкерлері қауіпсіздік шараларын іске асырады.
Ультрамарфонның ашылу салтанаты 2023 жылдың 9 тамыз күні сағат 9:00 Абай аэропорты алдында басталады.