UFC-дегі дебютін сәтті өткізген Асу Алмабаев елге оралды

UFC-дегі дебютін сәтті өткізген Асу Алмабаев елге оралды
Жекпе-жек

UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізген қазақ файтері Асу Алмабаев Алматыға оралды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Асуды күтіп алуға Алматы әуежайына жақындары мен жанкүйерлері жиылған. 

Еске салайық, 6 тамыз күні Нэшвиллде өткен UFC турнирінде Асу Алмабаев ямайлық Оде Осборнмен шеберлік байқасқан. Жекпе-жек екі раундқа созылып, қазақ файтері жеңіске жетті.