Астанада футбол қақпасы үстіне құлаған 10 жасар бала мерт болды

Астанада футбол қақпасы үстіне құлаған 10 жасар бала мерт болды
Футбол

7 тамыз күні Астанада 10 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Оқушы алған жарақаты салдарынан көз жұмған. 

“Елордадағы мектепте оқушыға футбол қақпасы құлап, бала мерт болды. Оқиға №10 мектептің ауласында болған. Оқушы алған жарақатынан көз жұмды”,- деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.