“Абай Жолы” ультрамарафонының жүлде қоры белгілі болды

“Абай Жолы” ультрамарафонының жүлде қоры белгілі болды
Басқа

9-10 тамыз күндері Семейде “Абай жолы” ультрамарафоны өтеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Семей -Жидебай және Семей - Бөрілі бағыттарында өтетін жарыстың жүлде қоры белгілі болды. 

Жидебайға дейін 100 мильде мәре сызығын бірінші болып кескен адамға 500 мың теңге сыйақы беріледі. 160 шақырымға жарыста екінші орын алған жан 400 мың, ал үздік үштікті түйіндеген спортшы 350 мың теңге жүлде алады. 4-13 орын аралығына тұрақтаған спортшыларға 50 мың теңге беріледі. 

Семейден Бөріліге дейін жүгіретін спортшылар арасынан бірінші орынға 350 мың теңге сыйақы беріледі. 50 мильге (80 шақырым) жарыста мәре сызығын екінші болып кескен спортшы 200 мың, ал үшінші орынға табан тіреген қатысушыға 100 мың теңге көлемінде жүлде табысталады. 50 мильге жүгіру жарысында 4-13 орын алған спортшыларға 30 мың теңге көлемінде сый беріледі.