Танымал әлемдік бренд Париж Олимпиадасына демеуші болады
Басқа
Әлемдік ірі люкс санаттағы тауарлар өндірушісі LVMH 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындары демеушілерінің қатарына қосылды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
LVMH құрамына кіретін Chaumet зергерлік үйі Олимпиада медальдарының дизайнын жасайды, Moet Hennessy қонақжайлылық бағдарламасы аясында өз өнімін ұсынса, косметика мен парфюмерия желісі Sephora олимпиада алауының демеушісі болады. Холдинг құрылымына кіретін сән үйлерінің бірі Францияның спорт делегациясы формасының дизайнын жасайды. Сонымен қатар, LVMH Франция құрамасының кейбір спортшыларымен, атап айтса, жүзуден әлем чемпионы Леон Маршанмен демеушілік келісімшартқа қол қояды.