«Каспий» клубы шахматтан әлем чемпионатының қатысушыларымен футбол ойнады

Мектеп командалары арасындағы шахматтан әлем чемпионаты – World Schools Team Championship басталардан бір күн бұрын «Жас Қанат» стадионында Ақтаудың «Каспий» клубының футболшылары турнир қатысушыларына арнап шеберлік сыныбын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz.
Балалар кәсіпқойлармен жаттығу жасап, тіпті мини-футбол ойнады. Жолдастық матчтардың біріне Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Аркадий Дворкович қатысты.
Ұйымдастырушылардың осындай футбол мерекесін ұйымдастырғаны тамаша болды. Барлығы достасып, футбол ойнауға мүмкіндік алды. Деңгей жақсы. Бастысы, барлығы бір-бірімен араласып, арқа-жарқа болып жатыр. Шахматшы үшін физикалық дайындық өте маңызды, бірнеше сағат бойы тақтайға телміру үлкен күш-қуатты қажет етеді. Жақсы дене дайындығының болуы өте маңызды,- деп өз әсерімен бөлісті FIDE басшысы.
Ол Қазақстанда соңғы айларда шахмат астаналарының біріне айналды. Шахматтың Қазақстанда маңызы артып келе жатқанына қуаныштымын деп айтты.
Мұнда тұратын адамдар жақсы білім алып жатыр, инфрақұрылым дамып жатыр. Демек мемлекет дұрыс бағытта келе жатыр. Біз Қазақстанның шахмат федерациясымен қоян-қолтық жұмыс жасаймыз. Мектептер арасында өткелі отырған әлем чемпионаты алғашқысы емес, мұндай турнирлер болып тұратын. Тек тұрақты түрде дәстүрге айналмады. Ондаған елдің қатысуымен өтетін мұндай чемпионат тұрақты түрде өтіп отырғанын қалаймыз, - деді Аркадий Дворкович.
Оңтүстік Африка командасы «Каспий» футболшыларымен тартысты матчта жеңіске жетті. Оның үстіне, оңтүстікафрикалық шахматшылардың бірі бұл күні туған күнін атап өтті.
Мен футболды да, шахматты да ойнағанды жақсы көремін, Кәсіби ойыншыларға қарсы ойнау керемет, олар көп жүгірмейді, алаңның гол салуға ыңғайлы жерлеріне қарай пас береді. Мен бүгін көп нәрсені үйрендім. Әсіресе, допты ұстауды, нақты позицияда ойнауды үйрендім және ойыннан керемет эмоция алдым¸- деді Себага Нциленг.
«Каспий» футболшылары да Қазақстанда футбол қызған шақта жас шахматшыларға көңіл бөліп, тамаша уақыт өткізді. Ақтаулық клубтың жаңа ойыншыларының бірі өткен шара туралы былайша баяндады: World Schools Team Championship аясында қатысушылар үшін сурет салу фестивалі және жағажайдағы спорттық жарыстар сияқты іс-шаралар жоспарланған.
Бір күн бұрын 2 тамызда шахматшылар «Каспий» баскетбол клубының жаттығуына қатысты, жаттығулар жасап, кәсіпқой баскетболшылармен жолдастық матчтар ойнады.
Еске сала кетейік, World Schools Team Championship – мектеп командалары арасындағы шахматтан әлем чемпионаты 3 және 8 тамыз аралығында Ақтау қаласында (Қазақстан) өтеді.
Чемпионат екі: 12 жасқа және 18 жасқа дейінгі санаттарда өтеді. 50 елден 400-ден астам қатысушы келеді деп күтілуде. Қазақстан еліміздің 6 қаласынан 10 мектепті ұсынады.