Магнус Карлсеннің әлем Кубогындағы алғашқы қарсыласы анықталды

Магнус Карлсеннің әлем Кубогындағы алғашқы қарсыласы анықталды
Басқа

Getty Images

Шахматтан 16-әлем чемпионы Магнус Карлсеннің Бакуде өтіп жатқан ФИДЕ әлем Кубогындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Әлемдік рейтинг көшбасшысының алғашқы қарсыласы грузиялық Леван Панцулаямен болмақ. 

Панцулая жарыстың бірінші айналымында үндістандық Харш Бхаратакотиді 2,5:1,5 есебімен жеңді. 

Әлем Кубогы нәтижесінде ең үздік шахматшы 2024 жылғы үміткерлер турниріне жолдама алады.