“Әл-Хиляль” Осимхенге аптасына 1 млн фунт стерлинг жалақы ұсынды

“Әл-Хиляль” Осимхенге аптасына 1 млн фунт стерлинг жалақы ұсынды
Футбол

Getty Images

Саудиялық “Әл-Хилаль” нигериялық шабуылшы Виктор Осимзенді қатарына қосуға ниеттеніп отыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Sky Sports жазуынша, саудиялық клуб басшылығы италиялық клуб форвардында 120,3 млн фунт стерлинг көлемінде жалақы ұсынған. Сондай-ақ, клубтың Осимзенге аптасына 1 млн фунт стерлинг төлеуге әзір екендігі туралы да ақпарат бар. 

2022/23 жылдар маусымында Виктор Осимхен “Наполи” құрамында 39 матчқа қатысып, 31 гол және 4 нәтижелі паспен көзге түсті. Ол А Сериясының үздік сұрмергені атанып, ел чемпионы атанды. “Наполи” мен Осимхен арасындағы келісім 2025 жылдың жазында аяқталады.