“Челси” УЕФА-ға 10 млн еуро айыппұл төлейді

“Челси” УЕФА-ға 10 млн еуро айыппұл төлейді
Футбол

Getty Images

УЕФА лондондық “Челсиге” 10 млн еуро көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұған себеп - “Челсидің” клубты лицензиялау ережесін сақтамауы мен қаржылық ақпаратты толық бермей, қаржылық фэйр-плейді бұзуы. 

The Athletic жазуынша, 2012-2019 жылдар араьығында ресейлік бизнесмен Роман Абрамович басқарған тұста әртүрлі транзакциялар бойынша толық қаржылық ақпарат берілмеген. 

“Челсидің” жаңа басшысы Тодд Боули ережелер бұзылғанын анықтап, уақытынан бұрын УЕФА-ға хабар берген.