ҰХЛ хоккейшілері 2026 жылғы Олимпиадаға қатысуы мүмкін
Хоккей
ҰХЛ ойыншылары кәсіподағының атқарушы директоры Марти Уолш хоккейшілердің 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
- Бұл сұрақтың оң шешімін табу үшін барым саламын. Қазір ҰХЛ комиссионері Гэри Бэттмэнмен бірге ХШХФ-мен жұмыс істеп жатырмыз. Ортақ келісімге келе аламыз деп үміттенемін. Лига хоккейшілер өз елінің намысын қорғағысы келеді", - деді Марти Уолш.
Еске салайық, соңғы рет ҰХЛ хоккейшілер 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетті. Пхенчхан мен Бейжіңде өткен Олимпиада ойындары ҰХЛ ойыншыларының қатысуынсыз өтті.