Волейбол: Польша құрамасы тұңғыш рет Ұлттар лигасы чемпионы атанды

Волейбол: Польша құрамасы тұңғыш рет Ұлттар лигасы чемпионы атанды
Басқа

volleyballworld.com

Волейболдан ерлер арасындағы 2023 жылғы Ұлттар лигасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Биылғы бәсекені финалында Польша мен АҚШ командалары кездесіп, польшалық волейболшылар 3:1 (25:23, 24:26, 25:18, 25:18) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Польша құрамасы тарихта тұңғыш рет Ұлттар лигасының чемпионы атанды. Польшалық волейболшылар топтқ кезеңде  АҚШ және Сербия құрамаларынан 0:3 есебімен жеңіліс тапқанын айта кетейік.

Сонымен қатар, Жапония құрамасы арихи нәтижеге қол жеткізді. Күн шығыс елі өкілдері алғаш рет Ұлттар лигасы қола медаль иегері атанды. Үшінші орын үшін таласта жапониялық спортшылар Италия құрамасын 3:2 (25:28, 25:23, 17:25, 17:25, 15:9) есебімен жеңді.