Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласы анықталды

Бокс
Top Rank промоутерлік компаниясы аса ауыр салмақтағы қазақ боксшысы Жан Кособуцкийдің келесі қарсыласын жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
34 жастағы қостанайлық былғары қолғап шебері Эфе Аджагбамен жұдырық түйістіреді. Нигериялық боксшы кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, оның 17-сін өз пайдасына шешкен.
10 раундқа есептелген Кособуцкий - Аджагба жекпе-жегі 26 тамыз күні Талсада (Оклахома, АҚШ) өтеді.