Ресейдің Олимпиадаға қатысу-қатыспауы туралы шешім қашан қабылданады

Ресейдің Олимпиадаға қатысу-қатыспауы туралы шешім қашан қабылданады
Басқа

Париж-2024 Олимпиадасының баспасөз қызметі

Ресейлік және белорусиялық спортшылардың 2024 жылғы Париж Олимпидасына қатысу-қатыспауы туралы шешім қыркүйек айында қабылданады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы Париждегі жазғы Олимпиада ойындары ұйымдастыру комитетінің төрағасы Тони Эстанге айтты.

”ХОК рұқсат алып, іріктеуден өткен спортшылардың қарсы алуға дайынбыз әрі қуаныштымыз. Соңғы шешім қыркүйекте қабылданады (Ресей мен Беларусь спортшыларының Олимпиадаға қатысуы жайында). Жаздың соңына қарай білеміз”, - деп жазады Inside the Games Тони Эстангенің сөзін. 

ХОК 13 шілде күні Ресей мен Беларусь Олимпиада комитеттері Париждегі жазғы ойындарға шақыртуды осы айдың 26 жұлдызынан ерте мерзімде алмайтынын мәлімдеген еді. 

Айта кетейік, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы 26 шілде күні басталады.