Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсетпейтін болды

Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсетпейтін болды
Жекпе-жек

Танымал қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-де өнер көрсетпейтін болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Бұл туралы UFC Roster Watch Twitter парақшасында жазылды. 

Отандасымыз аралас жекпе-жектен әлемнің үздік лигасында жеті кездесу өткізіп, оның біреуінде ғана жеңіп, алтауында жеңіліс тапты. 

Жалғас Жұмағұлов соңғы рет маусым айында америкалық Джошуа Ванмен күресіп, жеңілген.