Қазақстандық каратешілер Грузиядан олжалы оралды
Грузияның Батуми қаласында каратенің барлық стильдері бойынша Еуропа чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Каратенің ката және кумите бағдарламалары бойынша жарысқа қатысқан қазақ спортшылары елге 12 алтын, 5 күміс және 3 қола жүлдемен оралды.
Мейіржан Айтжан, Әлихан Ақжол, Ақсұлу Елубаева, Нұрайлым Құдайбергенқызы, Динара Жангужекова, Айжан Хасанова, Ясмин Аюпова, Бақдәулет Әшім, Еркін Әбіш, Зиявиддин Бахадиров, Сәуле Бозова мен Мұса Әзиз Еуропа чемпиондары атанды.
Ал Жанкерей Асқарұлы, Рахат Маганатұлы, Камила Шаденова, Карина Веделова, Айым Алдаберген мен Ердәулет Елеусін күміс жүлдеге ие болды. Нұргүл Ысқақова, Нұрәли Нығызбеков пен Әмір Әбіш Еуропа біріншілігінің қола жүлдегерлері атанды.
Чемпионатта Грузия, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Шотландия, Украина, Армения, Әзербайжан, Иран, Түркия, Ауғанстан, Болгария, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Нигерия, Пәкістан, Панама, Румыния спортшыларымен қатар, бапкер Дархан Асқаров жаттықтыратын Қазақстанның 22 каратешісі сынға түсті.