Азия чемпионаты: Қазақ гандболшылары Кувейтті ойсырата жеңді

Азия чемпионаты: Қазақ гандболшылары Кувейтті ойсырата жеңді
Басқа

Гандболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатындағы екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Екінші ойында Кувейт құрамасымен кездескен қазақ спортшылары қарсыласын 33:4 есебімен жеңді. Матч қорытындысы бойынша Аида Жапаров кездесудің үздік ойыншысы деп танылды. 

Еске салайық, Азия біріншілігіндегі бірінші ойында Қазақстан Жапонияға қарсы ойнап, 29:43 есебімен жеңілген еді.