Алтыншы рет жеңіліс тапқан Жұмағұлов қанша табыс тапты

Алтыншы рет жеңіліс тапқан Жұмағұлов қанша табыс тапты
Жекпе-жек

Instagram/zhamagulov_zhalgas

Танымал қазақстандық жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі жетінші айқасын өткізді, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Джексонвиллде (АҚШ) өткен UFC on ABC 5 турнирі аясында америкалық Джошуа Ванмен кім мықтыны анықтаған Жалғас Жұмағұлов төрешілер шешімімен жеңіліс тапты. Осымен UFC-де алтыншы рет жеңілген отандасымыз осы жекпе-жегі үшін 36 000 доллар пайда тапты. Оның 30 мыңы - келісілген гонорар құны, ал 6 мыңы - сыйақы.