Жұмағұлов төрешілер шешімімен қатарынан үш рет жеңіліс тапқан UFC-дегі алғашқы спортшы атанды

Жұмағұлов төрешілер шешімімен қатарынан үш рет жеңіліс тапқан UFC-дегі алғашқы спортшы атанды
Жекпе-жек

Жалғас Жұмағұлов - төрешілердің шешімімен қатарынан үш рет жеңіліс тапқан UFC-дегі тұңғыш спортшы, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Қателеспесем, Жалғас Жұмағұлов - қатарынан үш жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан UFC тарихындағы бірінші спортшы. Нәтижесінде, UFC-де 1-6, ал оның бесеуінде төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан”, - деп жазылған “Ночь в клетке” Telegram арнасында. 

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов UFC on ABC 5 турнирі аясында америкалық Джошуа Ванмен кездесіп, үш раунд қорытындысында қарсыласынан жеңіліп қалды.