Жалғас Жұмағұлов UFC-де алтынші рет жеңіліс тапты

Жалғас Жұмағұлов UFC-де алтынші рет жеңіліс тапты
Жекпе-жек

Қазақтан шыққан аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов UFC-де кезекті рет жеңіліс тапты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Джексонвилльде (АҚШ) өткен UFC on ABC 5 турниріне қатысқан отандасымыз америкалық Джошуа Ванмен айқасты. Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген еді және жеңіс төрешілердің шешімімен америкалық спортшыға берілді. 

Айта кетейік, негізі Жалғас Жұмағұлрв америкалық Нэйт Манесспен жекпе-жек өткізуі керек болған. Бірақ ол жарақатына байланысты қатыса алмайтын болып, оның орнын бразилиялық Рафаэль Эстевам басты. Десе де, бразилиялық спортшы салмаққа қойылатын талапты орындай алмай, жекпе-жек өтпейтін болды. 17 маусым күні Жалғас Жұмағұлов Лас-Вегаста өткен UFC on ESPN 47 турнирінде Фелипе Бунеспен кім мықтыны анықтауы керек болғанымен, оның қарсыласы жарақаты салдарынан турнирге қатыса алмайтынын мәлімдеді.