Елена Рыбакинаның Берлиндегі бірінші қарсыласы белгілі болды

Елена Рыбакинаның Берлиндегі бірінші қарсыласы белгілі болды
Теннис

Reuters

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина осы аптада Берлиндегі WTA 500 жарысында өнер көрсетеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте үшінші орында тұрған отандасымыз жарыстың бірінші кезеңінде 20 жастағы ресейлік Полина Кудерметовамен шеберлік байқасады. 

Полина Кудерметова іріктеу сайысында швейцариялық Сюзан Бандеччиді үш сетте жеңіп, жарыстың негізгі кезеңіне жолдама алды.