EURO-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен кездеседі

EURO-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен кездеседі
Футбол

Қазақстан футбол федерациясы

16 маусымнан 17 маусымға қараған түні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино командасымен кездеседі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Екі құрама арасындағы матч Италиялынң Парма қаласындағы "Эннио Тардини" стадионында өтіп, Астана уақытымен 00:45-те басталады. Ойынның тікелей көрсетілімін "Qazsport" телеарнасы ұсынады. 

Сан-Мариномен ойын алдында Қазақстан құрамасының қоржынында 3 ұпай бар, команда Н тобында үшінші орында келеді. Ал Сан-Марино әзірге ұпай еншілемей, топта соңғы орында тұр. 

Қазақстан ұлттық құрамасы бұл ойынға жаңа формамен шығады. Ұлттық құраманың жаңа киім үлгісін отандық дизайнерлер жасаған. Жаңа форма көк, сары және қара түстерде ұсынылған болатын. Сарысы елдегі матчтарда киілсе, көгі сырт алаңдағы ойындарға арнап тігілген. Ал қарасы қосымша.