УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы финалисі анықталды
Getty Images
Роттердамда УЕФА Ұлттар Лигасының жартылай финалдық матчы өтіп, Нидерланд құрамасы өз алаңында Хорватияны қабылдады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Финал жолдамасы үшін болған ойын 4:2 есебімен Хорватия құрамасы пайдасына аяқталды.
Матч есебін ойынның 34-минутында алаң иелерінің шабуылшысы Дониэлл Мален ашқан. 55-минутта Андрей Крамарич пенальтилен гол соғып, есепті теңестірсе, Марио Пашалич Хорватияны алға шығарған. Екінші таймға қосылған ойын уақытының алтыншы минутында Ноа Ланг есепті теңестірген. Бірақ 98-минутта Бруно Петкович хорватиялықтарды тағы алға шығарды, ал 116-минутта Лука Модрич матчтағы шешуші голды соқты.
Осылайша, Хорватия УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы финалисі атанды. Ал оның қарсыласы 16 маусым күні финал жолдмасын сарапқа салатын Испания мен Италия құраламаларының бірі болады.