Асхат Сейсембек: Astana Meeting World indoor tour - елдегі жеңіл атлетиканың дамуына серпін беруі тиіс

Асхат Сейсембек: Astana Meeting World indoor tour - елдегі жеңіл атлетиканың дамуына серпін беруі тиіс
Басқа

23 қаңтарда Астанада алғаш рет халықаралық дәрежедегі   Astana Meeting World indoor tour жарысы өтеді. Осы турнирдің алдында мұндай доданың елімізде өтуіне ат салысқан Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат  Сейсембекпен осы және басқа да сұрақтар төңірегенінде сөйлескен едік.


– Асхат мырза, 23 қаңтарда елордада Astana Meeting World indoor tour турнирі өтеді. 2016 жылдан бері ұйымдастырылып жүрген лиганың бір кезеңін Қазақстан алғаш рет қабылдағалы отыр. Осы ретте елімізге қандай мемлекеттерден спортшылар келеді?


АҚШ, Португалия, Бразилия, Эфиопия, Марокко, Польша, Словакия, Венгрия, Өзбекстан, Тәжікстан, Венгрия, Кения, Куба, Э фиопия, Барбадос және т.б. елдерінен 30-ға жуық спортшы келеді. Барлығы жоғары деңгейлі аттлеттер болмақ.


– Өзіміздің спортшылардан кімдер қатысады?

Қазір Қазақстанда қандай жоғары деңгейлі атлет бар – барлығы да бұл додада тыс қалды. Жалпы, жеңіл атлетиканың 9 түрінен елімізде үздік көрсеткішке спортшылар бақ сынайды.


–Жалпы IAAF Астанада өткізуге қалай рұқсат етті. Келіссөздер қалай жүргізілді?

World Athletics Indoor Tour – 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жыл сайынғы жабық жеңіл атлетика жарысы. Біз бұған дейін екі жыл қатарынан осы турнирдің қола мәртебелі құрлықтық бәсекесін жоғары деңгейде ұйымдастырып бердік. Сондықтан Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы (IAAF) әлемдік деңгейдегі кезеңін сеніп тапсырып отыр. Мұның бәрі атқарылған жұмыстың нәтижесі. Олар өз күнтізбелеріне Астананы қосты. Біздің төрешілер корпусына сенім артып отыр. Өз мүмкіндігімізбен жарысты жоғары деңгейде өткізуге тырысамыз. Соңғы жылдан бері қазақстандық төрешілердің деңгейі өсіп келеді.


 Бұл лиганың басқа кезеңдері 11 наурызға дейін жалғасады екен. Соған біздің спортшылар қатыса ма?

Ақпан айында тағы бір маңызды бәсекеміз бар. Елордадағы осы Qazaqstan манежінде жабық кешендегі Азия чемпионатын өткіземіз. Құрлық біріншілігнен үздік нәтиже көрсеткендер алдағы кезеңдерге қатысуға тырысады. Өзіңіз айтқандай, бұл лига наурыз айының ортасына дейін жалғасады.



– Одан бөлек, Астанада жабық кешендегі Азия чемпионаты өтеді. Осыған да тоқтала кетсеңіз?

Азия чемпионатына 700-ге жуық ресми тұлға келеміз деп келісімін берді. Әзірге 30-ға жуық ел өз келісімін беріп үлгерді. Сондықтан 10-12 ақпан аралығында нағыз додаға куә боласыз. Қазақстан алғаш рет осындай құрлық біріншілігін өткізгелі отыр. «Спорт падишасы» саналатын жеңіл атлетиканың елдегі дамуына серпін берері сөз. Осыдан кейін жеңіл атлетика секцияларына баратын балалар саны көбейіп, елдегі насихатталуына өз үлесін қосуы тиіс. Осындай додалардың көбеюуінің тағы бір дәлелі – Астанадағы манеждің ішінде Олимпиадалық даярлау орталығына қарасты жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар және жасөспірімдер мектебін ашуға дайындалуымыз деп айта аламын.


– Соңғы кездері жабық кешендегі жарыстар тек Астанада болып жатыр. Бұрын Ольга Рыпакова атындағы кешенде ұйымдастырылатын. Ол зал енді босқа қаңырап қалмай ма?

Өскеменде манеж бос қалмайды. Өте көп бала жаттығады. Наурыз айында жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтеді.


– Биыл жылдың басты бәсекесінің бірі Азия ойындары бар. Осыдан 4 жыл бұрын Джакартада Рыпакова ғана алтын алған еді? Бұл жолы көбірек алтын алуға мүмкіндік бар ма? Спортшылардың шамасы жете ме?

Әлбетте биылғы жылдың басты додасы – сөзсіз жазғы Азия ойындары. Былтыр пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Бапкерлер штабы алдағы уақытта жоспарды бекітеді. Кем дегенде бір алтын әкелуіміз керек. Айтпақшы, биыл сонымен қатар тамыз айында Будапештте әлем чемпионаты бар.


– Тағы бір өзекті мәселе допинг. Бірнеше танымал атлеттерден спорттан шеттетілді. Әсіресе, Любовь Никитенконың өзінен бастап бірнеше шәкірті ұсталды. Қазір допингпен күрес қалай жүріп жатыр?

Допингке қарсы күрес – біздің басты принципіміз. Осы қызметке кіріскен 2018 жылдан бері аянып жатқан жоқпыз. Егер қателпесем, Ұлттық допингке қарсы орталықпен 30-ге жуық бірлескен семинар ұйымдастырдық. Бұрынғыдай емес, жағдай өзгеріп келеді. Тыйым салынған препараттың түрі өте көп.


Астанада стандартқа сай жабық манеж бар. Ал ашық аспан астындағы талапқа сай стадион қашан салынады?

Өте өзекті мәселені көтеріп отырсыз. Елімізде ашық аспан астында жеңіл атлетиканың талаптарына сай стадион жоқ. Енді, міне, Астанадағы манеждің қасында 8 жолақты стадион салмақшымыз. Бұл біздің бүгінгі күнгі басты жұмысымыз болмақ.

– Әңгімеңізге рахмет!