Жігіттердің басты финалға шыға алмағаны көңіліме қатты тиді - Жұмағазиев

Жігіттердің басты финалға шыға алмағаны көңіліме қатты тиді - Жұмағазиев
Қысқы спорт

Алматыда шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңі аяқталды. Қазақстандық спортшылар биылғы маусымдағы дәстүрді бұл жолы да үзбей, турнирден күміс медаль еншіледі. Ал команда бас бапкері Нұрберген Жұмағазиев осы аптаның соңында өтетін төртінші кезеңге көп үміт артып отырғанын айтты, деп жазады Bassport.kz тілшісі. 


"Өз жеріміздегі көрсеткіш жаман емес. Десе де, эстафетадан жігіттердің А финалына өте алмағаны көңіліме қатты тиді. Үш күннен соң әлем кубогінің төртінші кезеңі өтеді. Сол сыннан жақсы нәтиже күтемін. Негізі, эстафетадан нәтижеміз төмен деуге болмайды. Өйткені, бұл біздегі ең мықты дистанцияның қатарына кірмейді. Мұны Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің нәтижесінен де байқай аласыз. Ал биыл қатарынан екі әлем кубогінде біз А финалына шығып, спортшыларымыз да өз күшіне сене бастады. Намысымызды жанып, тісімізді қайрап, элиталық командалар финалына қайта оарлуымыз керек", - деді бас бапкер.

Сөз соңында Нұрберген Абзал Әжіғалиевтің Алматыда айтарлықтай жақсы нәтиже көрсетпеуінің себебін де түсіндірді. 

"Бейжің Олимпиадасынан кейін Абзалды халық бұрынғыдан да жақсы тани бастады. Сондықтан, Олимпиададан кейінгі маусымда оны қатты қинағымыз келмеді. Ол осы маусымның аяғында өтетін әлем чемпионатында медаль алады деген жоспарымыз бар", - деді Жұмағазиев.