2025 жылғы бокстан Қазақстан чемпионаты Семейде өтетіні белгілі болды

2025 жылғы бокстан Қазақстан чемпионаты Семейде өтетіні белгілі болды
Бокс

olympic.kz

Қазақстан бокс федерациясы ел біріншілігінің өтетін орны мен мерзімін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Чемпионат 12–19 қазан аралығында Семейдегі «Abai Arena» спорт кешенінде өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 20 миллион теңге. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпаздарына 500 мың теңгеден, күміс жүлдегерлерге 300 мың теңгеден, ал қола жүлде иелеріне 100 мың теңгеден табыс беріледі.

Дегенмен, жарысқа ұлттық құраманың негізгі боксшылары қатыспауы мүмкін деген болжам бар. Бұған дейін 2024 жылы да осындай жағдай орын алған еді: халықаралық жарыстардың тығыз кестесіне байланысты құраманың көшбасшылары ел чемпионатына шыға алмаған болатын.

Бұл жолы да сол қауіп бар. Себебі 4–14 қыркүйек аралығында World Boxing ұйымының әлем чемпионаты өтеді. Осы додаға қатысатын үздік қазақстандық боксшылар ел біріншілігіне толық дайын болмауы ықтимал.