Денис Никиша шорт-тректен Алматыдағы әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Денис Никиша шорт-тректен Алматыдағы әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды
Қысқы спорт

Шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогінің үшінші кезеңінде Қазақстан қоржыны бір медальмен толықты, деп хабарлайды Bassport.kz. 


500 метрге жүгіруден ерлер арасындағы бәсекеде Денис Никиша күміс медаль иеленді. Ол аталған қашықтықты 40.998 секундта жүгіріп өткен. 


Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Ким Тай Сунг (40.898 секунд) иеленсе, қоланы оның отандасы Джанг Сун Вонг (41.392 секунд) жеңіп алды. 


Айта кетелік, бұл әлем кубогінің үшінші кезеңінде құрама спортшылары жеңіп алған алғашқы медаль.


Сондай-ақ, осы жарыстан соң Денис Никиша 500 метрге жүгіруден әлемдік рейтингте көш бастады. Қазақстандық шорт-трекшінің еншісінде 224 ұпай бар.