"Странджа" кубогы: Тәшкенбай мен Бекбауовтың финалдағы қарсыластары кім

Бокс

Бүгін Болгарияда кіші әлем біріншілігі саналатын "Странжда" кубогының ақтық айқастары өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Финалда Қазақстан командасының екі өкілі жұдырықтасады. 

51 келідегі Санжар Тәшкенбайдың қарсыласы - үндістандық Амит Пангал. Тәжірибелі үнділік боксшы 2019 жылғы әлем чемпионатының финалисті, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жеңімпазы. 

67 келіде сынға түсетін Дулат Бекбауовтың қарсыласы - тағы бір үнділік боксшы Раджат. 

Финалдық кездесулер бүгінге жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақстан қоржынында Тұрсынбай Құлахмет жеңіп алған қола медаль бар.