Қазақстан бокс федерациясы жыл үздігі атанды

Қазақстан бокс федерациясы жыл үздігі атанды
Бокс

Қазақстан бокс федерациясы "Жыл үздігі" атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Астанада ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі “Үздік-2025” марапаттау рәсімі өтті. Бірнеше номинацияда Отандық бокс өкілдері үздік атанды. Соның ішінде, екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова үздік спортшы, оның жеке жаттықтырушысы Долкужан Камеков үздік бапкер деп танылды. Ал Қазақстан бокс федерациясы жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы атанды.

Жоба серіктесі - “Sport Qory” туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.