Майкл Джорданның Олимпиадада киген жейдесі сатылды
Баскетбол
Баскетболдан АҚШ құрамасының экс ойыншысы Карл Мэлоун аукцион ұйымдастырып, 1992 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалында Литваға қарсы болған ойында киілген жейделерді сатты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Барлық жейделерде баскетболшылардың қолтаңбасы қойылған. Олардың арасында ең қымбаты Майкл Джорданның жейдесі болды. Оны аукционға қатысушылар 3,03 млн долларға сатып алған.
Бұған дейін Майкл Джорданның 1998 жылы ҰБА ойынында киген жейлесі 10 млн долларға сатылған еді.