Юлия Путинцева Мароккодағы жарыстың ширек финалына шықты

Юлия Путинцева Мароккодағы жарыстың ширек финалына шықты
Теннис

Қазақ теннисшісі Юлия Путинцева Марокконың Рабат қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Жарыстың екінші айналымында отандасымыз франциялық Леолия Жанжанмен шеберлік байқасып, 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

1 сағат 15 минутқа созылған ойында Юлия Путинцева 8 брейк-пойнттың алтауын жүзеге асыра білді.