Леброн Джеймс тарихта тұңғыш болып плей-оффта 8000 ұпай жинады

Леброн Джеймс тарихта тұңғыш болып плей-оффта 8000 ұпай жинады
Баскетбол

“Лос-Анджелес Лейкерс” шабуылшысы Леброн Джеймс жартылай финалдың “Денвер Наггетске” қарсы серияның төртінші ойынында ҰБА плей-оффында 8000 ұпай жинаған алғашқы баскетболшы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

ҰБА плей-офф тарихында Леброн Джеймс үздік сұрмергендер тізімінде жеке-дара көш бастап тұр. Одан кейін Майкл Джордан (5987 ұпай), Кәрім Абдул-Джаббар (5762), Коби Брайант (5640), Шакил О’Нил (5250) орналасқан. 

Айта кетейік, “Лос-Анджелес Лейкерс” жартылай финал сериясында “Денвер Наггетстен” 0:4 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.