Хоккей: әлем чемпионатында жаңа рекорд орнады
Латвияның Рига мен Финляндияның Тампере қалаларында өтіп жатқан шайбалы хоккейден топ-дивизиондағы әлем чемпионатында жаңа рекорд орнады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Әлем чемпионатының бірінші күнінде, яғни 12 мамыр күні жекелеген матчтарға сатылған билеттер бойынша жаңа рекорд орнады. Турнирдің ұйымдастыру алқасы бір күнде 3300 билет сатқан. Әлем чемпионаты ұйымдастыру алқасы басшысыЭдгарс Бунцис айтуынша, соңғы аптада кұніне орта есеппен 2000 билет сатылған. Ал Словения - Швейцария матчына ашылған қосымша билеттер 15 минут ішінде сатылып кеткен.
Сонымен қатар, жанкүйерлер арасында Латвия құрамасының ойындарына сұранысқа көп ие болып отыр. Одан бөлек, Чехия, Словакия және Швейцария командалары матчтарына да қызығушылық жоғары көрінеді.
Тағы бір айта кететін жайт, 1 мамыр күні Ригада болатын матчтар билеттерінің 50 пайыздан азы ғана сатылған еді.